Ақмола облысында өнім қауіпсіздігін бақылау: 2026 жылдың 4 айындағы мониторинг қорытындылары

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен 2026 жылдың 4 айында бақылау сатып алуы аясында 555 өнім сынамасы зерттелді. Оның ішінде 458-і азық-түлік өнімдері, 97-сі азық-түлікке жатпайтын тауарлар.
Зертханалық зерттеулер нәтижесінде талаптарға сәйкес келмейтін 9 сынама анықталды. Оның ішінде 6 сынама – азық-түлік өнімдері, 3 сынама – азық-түлікке жатпайтын тауарлар.
Зерттелген сынамалар өндірушілер бойынша төмендегідей бөлінді:– отандық өндірушілердің өнімдері – 120 сынама, оның ішінде азық-түлік өнімдері – 113, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 7;– ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімдері – 301 сынама, оның ішінде азық-түлік өнімдері – 266, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 35;– өзге елдердің өнімдері – 134 сынама, оның ішінде азық-түлік өнімдері – 79, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 55.
Анықталған сәйкессіздіктер бойынша өнімді айналымнан алып қою және кері қайтарып алу түріндегі жедел ден қою шараларын қолдану туралы 7 қаулы шығарылып, олардың барлығы толық көлемде орындалды.
Сонымен қатар, талаптарға сәйкес келмейтін өнімдер бойынша 7 тергеп-тексеру жүргізілді. Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша кінәлі тұлғаларға жалпы сомасы 291 937,5 теңге көлемінде 3 әкімшілік айыппұл салынды.
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңір аумағында сатылатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1225656?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді