Денге қызбасы: негізгі мәліметтер және алдын алу шаралары

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Денге қызбасы — Aedes туысына жататын масалардың шағуы арқылы жұғатын жедел вирустық инфекция. Ауру адамнан адамға ауа-тамшылы жолмен берілмейді.
Ауру тропикалық және субтропикалық аймақтарда, әсіресе жаңбырлы маусымда кең таралған. Инфекция көзі — науқас адам, одан вирус масалар арқылы таралады.
Инкубациялық кезеңі 3–15 күн (орта есеппен 5–8 күн). Негізгі белгілері: дене қызуының 39–41°C-қа дейін көтерілуі, бас ауруы, бұлшықет пен буындардың сырқырауы, әлсіздік, жүрек айну. Көп жағдайда ауру жеңіл өтіп, 1–2 апта ішінде жазылумен аяқталады, алайда ауыр түрлері де кездесуі мүмкін.
Инфекцияның ел аумағына әкелінуінің алдын алу мақсатында шекаралық бақылау бекеттерінде санитариялық-карантиндік қадағалау жүргізіледі.
Алдын алу шаралары:
* маса шағуынан қорғану (репелленттер қолдану, жабық киім кию);
* тұрғын үй-жайларды қорғау (москит торларын пайдалану, кондиционер қолдану, инсектицидтер пайдалану);
* масалар көп шоғырланған орындардан аулақ болу.
Шетелде болған кезде немесе елге оралғаннан кейін ауру белгілері байқалса, дереу дәрігерге қаралып, барған ел туралы міндетті түрде хабарлау қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1225647?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді