Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві Қызмет алушылардың бірыңғай күнін өткізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 20 мамыр –  Қызмет алушылардың бірыңғай күнін өткізу аясында Әулиекөл өңірлік мемлекеттік қызметкерлері архивте «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру ұйымдастырылды, сонымен қатар Әулиекөл ауданы тұрғындары арасында осы қызмет бойынша ақпараттық брошюралар тарату акциясы өткізілді.

Іс-шара барысында келушілерге мемлекеттік қызметті алу тәртібі, өтініштерді қарау мерзімдері, қажетті құжаттардың тізбесі, сондай-ақ өтініштерді электрондық үкімет порталы арқылы және архивке жеке жүгіну жолымен беру тәсілдері түсіндірілді.

Архив мамандары қызмет алушыларға практикалық көмек көрсетіп, жеке консультациялар өткізді және еңбек өтілін, жалақыны, марапаттарды, білімін және басқа да архивтік мәліметтерді растауға байланысты сұрақтарға жауап берді.

Қызмет алушылардың бірыңғай күнін өткізу мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, архивтік ақпараттың халық үшін ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Барлығы 25 адам қамтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/1225646?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді