
Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі бақылау қызметімен 2026 жылғы 20 мамырда Жітіқара қаласы, Досқали Асымбаев көшесі, 51, 1-қабат мекенжайы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар, Жітіқара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық бөлімшесі, сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасының Жітіқара ауданындағы филиалы өкілінің қатысуымен кәсіпкерлік және салықтар саласына баса назар аудара отырып, кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі туралы ақпараттандыру, қолданылатын рәсімдерді түсіндіру, сондай-ақ оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ескертулер жинау мәселелері жөнінде «Көрсетілетін қызметті алушының бірыңғай күні» өткізілгенін хабарлаймыз.
Жоғарыда аталған іс-шараны өткізудің мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәсілдері және шағымдану тәсілдері туралы хабардар ету. Мемлекеттік қызметті сапалы көрсетпеу кезінде бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру үшін жоғары тұрған органға жүгіну мүмкіндігі туралы түсіндіру.
Іс-шараны өткізу барысында мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері жер мәселелері, көше саудасына байланысты рұқсат құжаттарын ұсыну және ауданның жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша кеңес берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1225502?lang=ru

Жауап қалдыру