
«Конституция және жастардың құқықтық сауаттылығы» тақырыбында оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуге тәрбиелеу және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты түсіндірме берілді. Сонымен қатар, құқықтық сауаттылықтың қоғамдағы маңызы айтылып, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шара аясында арнайы дайындалған презентация көрсетіліп, қатысушыларға тақырып бойынша маңызды мәліметтер ұсынылды.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Осындай тағылымды кездесулер жастардың құқықтық білімін жетілдіріп, ел заңдарын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/1225499?lang=ru

Жауап қалдыру