Павлодар облысында өнеркәсіп аймағынан түсті металл ұрлады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Павлодар облысында өнеркәсіп аймағынан ұрлық жасады деген күдіктілер тобы ұсталды.

     Ақсу қаласында полиция қызметкерлері өнеркәсіп аймағынан түсті металл ұрлады деген күдікке ілінген, 3 адамнан тұратын қылмыстық топтың заңсыз әрекетін тоқтатты.

— Тергеу мәліметінше, күдіктілер алдын ала жоспар құрып, түнгі уақытта өнеркәсіп нысанының аумағынан түсті металды жасырын түрде ұрлап отырған. Ұрланған мүлікті тасымалдау үшін автокөлік пайдаланылған. Алдын ала келтірілген шығын көлемі 10 млн теңгеден асады, — деді Жасұлан Танжанов.

     Жедел-іздестіру іс-шаралары бір мезетте бірнеше мекенжайда жүргізілді. Тінту барысында байланыс құралдары мен қылмыс жасау кезінде пайдаланылды деген күдік тудырған көлік құралдары тәркіленді. Сонымен қатар ұрланған мүлікті өткізген орын анықталды.

     Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта олардың өңір аумағында жасалған осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде.

     Павлодар облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және кәсіпорын мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1225754?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді