
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Қапанов А.Қ. «Ertis» телеарнасындағы «1 студия» бағдарламасының эфиріне қатысты.
Эфир барысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану жағдайы, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар еңбек қатынастарын цифрландыру, электрондық еңбек шарттары мен еңбек кітапшаларын енгізу, маусымдық жұмыстар кезінде еңбек заңнамасының сақталуы және жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілігі мәселелері қаралды.
Еңбек қатынастары мәселелері бойынша азаматтардың өтініштері мен жұмыскерлердің құқықтарын қорғау мақсатында мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан қабылданып жатқан шараларға ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1225762?lang=ru

Жауап қалдыру