«Жалын» тынығу лагерінің жазғы маусымға дайындығын көрді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергеновпен бірге балалардың жазғы демалысына байланысты «Жалын» сауықтыру лагеріне барып, дайындық барысын көрді. Қазіргі уақытта лагерь аумағында жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Нысандар ретке келтіріліп, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда тынығуы үшін қажетті мүмкіндіктер қарастырылған және демалыс орнының аумағы абаттандырылуда. Аудан басшысы лагерьдің санитарлық жағдайы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуына айрықша мән беру қажеттігін айтты. Сондай-ақ барлық жұмыстарды сапалы аяқтап, жазғы тынығу маусымын жоғары деңгейде ұйымдастыруды жауапты мамандарға тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1225716?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді