Ақтау қаласында рұқсатсыз төгілген 40 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалықты сақтау және заңсыз қоқыс орындарын анықтау бағытындағы мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

Кезекті тексеру барысында қаланың өндірістік аймақтарының бірінде белгіленбеген жерге төгілген қоқыс үйіндісі анықталды. Аталған дерек бойынша жедел шаралар қабылданып, қала әкімдігінің мердігер мекемесі аумақты тазарту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 40 тоннаға жуық қоқыс қалдығы жиналып, арнайы полигонға шығарылды.

Құрметті қала тұрғындары! Қоршаған орта тазалығына жауапкершілікпен қарап, қоқысты тек арнайы белгіленген орындарға тастауға шақырамыз

Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1225701?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді