
Орал қаласы аумағында құрбандық шалу рәсімдері арнайы белгіленген орындарда ұйымдастырылады:
— «Ел ырысы» базары (БҚО тұрақтандыру қоры)
— «Батыс Адал Ет» ЖШС
— «Кублей» ЖШС
Құрбандық шалу орындарының жұмыс кестесі:
— «Кублей» ЖШС – 27, 28 мамыр күндері сағат 06:30–18:00 аралығы;
— «Ел ырысы» базары – 27, 28, 29 мамыр күндері сағат 08:00–18:00 аралығы;
— «Батыс Адал Ет» ЖШС – 27, 28, 29 мамыр күндері сағат 08:00–18:00 аралығы.
«Ел ырысы» аумағында сойылатын мал саны шектеулі болуына байланысты тұрғындарға «Батыс Адал Ет» және «Кублей» нысандарына да жүгіну ұсынылады.
Сонымен қатар азаматтар үшін qurban.muftiyat.kz платформасы арқылы онлайн құрбандық шалу қызметі қолжетімді. Бұл – шариғатта қарастырылған өкілдік (уәкілдік) арқылы құрбандық шалу мүмкіндігі. Сондай-ақ аталған сайт арқылы мұқтаж жандарға құрбандық етін таратуға өтініш жолдауға болады.
Құрбандық шалу барысында санитарлық талаптар мен қоғамдық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау сұралады. Белгіленбеген орындарда мал союға жол берілмейді.
Қасиетті Құрбан айт мерекесі әр шаңыраққа береке, бірлік және амандық әкелсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1225697?lang=ru

Жауап қалдыру