
Түркістан облысында соңғы қоңырау мерекесіне байланысты полиция қызметкерлері оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғалары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік-профилактикалық жұмыстарды күшейтті.
Тәртіп сақшылары түлектер мен ата-аналарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және мерекені қауіпсіз өткізуге шақырады.
- Құрметті оқушылар, ата-аналар және ұстаздар! Соңғы қоңырау – әрбір түлек үшін жаңа өмірге бастайтын маңызды әрі жауапты белес. Осы айтулы күнге орай баршаңызды тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Түркістан облысында полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, жол-көлік оқиғаларының және өзге де келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында рейдтік және профилактикалық іс-шараларды күшейтті.
- Құрметті оқушылар! Жолда барынша абай болыңыздар. Көлік кортежімен жүру – өте қауіпті әрі заңмен қатаң тыйым салынған әрекет екенін ескертеміз. Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ жауапкершілік. Олардың жүріс-тұрысына, жолдағы қауіпсіздігіне және мереке кезіндегі әрекеттеріне ерекше назар аударуыңызды сұраймыз.
- Баршаңызды заң мен тәртіпті сақтауға, қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз, – дейді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1225851?lang=ru

Жауап қалдыру