
Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні облыстық цифрлық технологиялар басқармасы мен “Ақпараттық технологиялар орталығы” КММ қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет саласындағы әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Семинарда Әдеп жөніндегі уәкіл Бағдат Әбдіқадыр ҚР мемлекеттік қызметі туралы заңына түсіндірме беріп, әдептілік талаптарына қатысты нормалармен таныстырды.
Сондай-ақ, семинарда мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары, міндеттері және әлеуметтік кепілдіктері туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметі діни бірлестіктерден және діни көзқарастарды насихаттаудан тәуелсіз болуы тиіс екендігі түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cifrovizaciya-kyzylorda/press/news/details/1225998?lang=kk

Жауап қалдыру