ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындығын қамтамасыз ету бағытында «Ұлттық бірыңғай тестілеуге білім алушыларды дайындаудың тиімді әдістері» тақырыбында облыстық оқыту семинарын өтті.
 
Іс-шараға аудандық білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері, мектеп директорының ҰБТ-ге жауапты орынбасарлары, барлығы 380 адам қатысты.
Облыстық оқыту семинарының барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары Қ.Балгинбаева қатысып «Ұлттық бірыңғай тестілеу – 2026» ақпараттық презентациясында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысудың нормативтері, тестілеу қағидалары, грантқа құжаттарды қабылдаудың мерзімі, ағымдағы жылы өтетін ҰБТ форматының ерекшеліктері туралы айтып өтті.
 
Сонымен қатар, семинар барысында қатысушыларға білім алушыларды ҰБТ-ге дайындаудың тиімді әдістері, ҰБТ-ге дайындық сапасын арттырудағы цифрлық платформалардың тиімділігі, ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын жүйелі жүргізілуінің әдістері, байқау тестілеулерінің нәтижелеріне сәйкес талдау жасау тәсілдері, мониторинг жүргізу түрлері, топтық және жеке дайындық, логикалық сұрақтарды талдау, күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмаларды қолданудың тиімділігі туралы мазмұнды ақпараттық-әдістемелік көмектер берілді.
Қорытындысында қатысушыларды ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеу бағытында @dulaty_kz сайтына сілтеме берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bilim/press/news/details/1226023?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді