Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Рахимжанов М.Х. 2026 жылғы 20 мамырда Целиноград аудандық мәслихатының кезекті сессиясының жұмысына қатысып, онда 2025 жылға арналған Целиноград ауданы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту мәселесі қаралды.
Целиноград аудандық мәслихатының сессиясында тиісті баяндама жасаған аудан әкімі Сабырғали Д.С. сөз сөйледі.
Депутаттардың назарына Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған Целиноград ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есепке қорытындысы ұсынылды.
Қорытындыда 2025 жылға арналған аудан бюджетінің орындалуындағы негізгі проблемалық мәселелер атап өтіліп, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жасалды. Сондай-ақ, бюджетті орындау барысында орын алған кемшіліктер көрсетілді.
Аудан бюджетінің орындалуын бағалау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берді.
Жалпы, аудан бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсынымдарын ескере отырып бекітілді.


Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1226037?lang=ru

Жауап қалдыру