
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратында Алматы қаласы әкімдігі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Қ. Ахетовтың қатысуымен жиналыс өтті.
Жиналыс барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары, мінез-құлық қағидалары, сондай-ақ кәсіби жауапкершілік пен қызметтік тәртіп талаптары түсіндірілді.
М.Қ. Ахетов мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысында әдеп стандарттарын сақтау және мемлекеттік органдарға деген қоғам сенімін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Жиналысқа Жетісу ауданының мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-zhetysu/press/news/details/1226224?lang=ru

Жауап қалдыру