Сарқан ауданында мәдениет және өнер қызметкерлері құрмет төрінен көрінді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Сарқан ауданында салтанатты мерекелік шара өтіп, сала үздіктері марапатталды.

Мәдениет қызметкерлерін кәсіби мерекемен аудан әкімі Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев құттықтап, мәдениет саласының аудан өміріндегі орны мен руханиятты дамытудағы маңызына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, өнер мен мәдениеттің өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар мамандардың еңбегін ерекше атап өтті.

Салтанатты жиында мәдениет саласындағы жоғары марапаттар табысталды. Атап айтқанда, Екіаша ауылдық мәдениет үйінің директоры Тлеужан Досанович Догоманов Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ері» төсбелгісімен марапатталды. Ал Сарқан аудандық мәдениет үйінің сүйемелдеушісі Гүлжан Есімханқызы Қисабекова мәдениет саласындағы кәсіби жетістіктері үшін «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды.

Сонымен қатар, Сарқан аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Рақымжан Қуатбекұлы Әдебиет Жетісу облысы бойынша «Үздік мәдениет үйі қызметкері» атанып, мерейі үстем болды.

Шара барысында мәдениет саласының бірқатар мамандарына Жетісу облысының халық шығармашылығы орталығының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің марапаттары табысталды.

Сондай-ақ аудан мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлерге аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталып, еңбектері жоғары бағаланды.

Мерекелік кеш сала мамандарына көрсетілген құрмет пен ризашылықтың жарқын көрінісіне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan/press/news/details/1226208?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді