Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мәдениет – ұлт руханиятының алтын қазығы, ел бірлігі мен ұлттық құндылықтардың мәйегі. Сіздер ұлттық өнер мен мәдени мұраны дәріптеп, рухани құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Ел мәдениетінің дамуына қосып жүрген еңбектеріңіз – зор құрметке лайық.
Ауылымыздың мәдени өмірінің жандануына, түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қосқан үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Халыққа рухани демеу болып, өнер мен мәдениеттің өркендеуіне қызмет етіп жүрген баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Аманкелді ауылдық округі әкімі
Жаманқұлов Зейнұр Қайраддинұлы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-amangeldi/press/news/details/1226243?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді