
Арқарлы ауылдық округі мекемелерінің қызметкерлері арасында ұлттық спортты дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды. Аталған сайысқа округке қарасты мекемелердің қызметкерлері қатысып, өзара бақ сынасты.
Жарыс барысында қатысушылар тоғызқұмалақ ойынындағы шеберліктерін көрсетіп, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін паш етті. Ұлттық зияткерлік ойынды дамытуға бағытталған іс-шара қатысушылардың қызығушылығын арттырып, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік ойын көрсеткен қатысушылар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай ұлттық спорт түрлерінен жарыстар тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-arkarly/press/news/details/1226298?lang=ru

Жауап қалдыру