
Павлодар ауданның барлық мектептерінде 2025–2026 оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл 4247 оқушы оқу жылын аяқтайды, оның ішінде 565-сі 9 және 11 сынып түлектері.
Оқу жылының қорытындысы 11 сынып түлектерінің арасында 9 оқушы үздік аттестатқа, ал 11 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер болып отыр. Бүгінде ауданның білім беру ұйымдарында 771 педагог еңбек етеді.
Оқу жылының аяқталуына байланысты 25 мамыр күні ауданның барлық мектептерінде «Білімім — Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Сынып сағаттары барысында оқу жылының қорытындылары шығарылып, оқушылардың жетістіктері мен мектеп өміріндегі жарқын оқиғалар атап өтіледі. Сонымен қатар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтарына, білім мен ғылымға құрметті арттыруға, Халықтық Конституцияда айқындалған маңызды стратегиялық бағыттардың бірі ретінде инновациялық ойлауды дамытуға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар оқушыларға жазғы демалыс кезеңіне арналған әдебиеттер мен фильмдердің ұсынымдық тізімдері ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы мен қаулысына сәйкес мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында салтанатты іс-шараларды мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, демалыс орындарында және табиғат аясында өткізуге тыйым салынады.
Салтанатты іс-шараларды өткізуге байланысты ата-аналардан, заңды өкілдерден және білім алушылардан ақша жинауға, сондай-ақ сыйлықтар мен өзге де материалдық құндылықтарды талап етуге жол берілмейді. Аттестаттарды тапсыру рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында ұйымдастырылады.
@aigerim_erkenovna
@bilim_basqarmasy
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-audan-bilim/press/news/details/1226434?lang=ru

Жауап қалдыру