Біржан сал ауданында прокурордың халықпен көшпелі кездесуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Біржан сал ауданының прокуроры Ануар Кулушев жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың басшылығымен бірге Заозерное, Кенащы және Краснофлотское ауылдарының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.

Ашық диалог барысында тұрғындар өзекті мәселелерді көтеріп, олар бойынша уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

Прокурор қолданыстағы заңнаманың талаптарын, Конституциялық Соттың №18, 55 және 65-НҚ Нормативтік қаулыларының ережелерін, сондай-ақ заңдылық пен әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» идеологиялық бастамаларын түсіндірді.

Интернет-алаяқтық, мал ұрлау, есірткі қылмыстарының профилактикасына, сондай-ақ жазғы демалыс қарсаңында кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, Заозерное ауылының тұрғындары прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер есебінен жүзеге асырылған су құбыры желілерін қайта жаңғырту үшін алғыстарын білдірді.

Осындай кездесулерді өткізу халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға және жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді уақтылы шешуге ықпал етеді.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1226415?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді