2026 жылғы 18-22 мамыр аралығында Көкшетау қаласының аумағында «Рецидивтің алдын алу» жобасы және «Есептегі тұлға» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қала прокуратурасы пробация қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, пробациялық бақылауда тұрған тұлғалардың тұрғылықты жерлері бойынша түнгі уақытта тексеру жұмыстарын жүргізді.
Рейдтік іс-шара барысында есептегі тұлғалардың тұрмыс жағдайы, тіркелген мекенжайында болуы, сондай-ақ сотпен белгіленген шектеулерді сақтау фактілері тексерілді.
Сонымен қатар, есептегі тұлғалармен қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында профилактикалық және түсіндіру әңгімелері жүргізілді. Қолданыстағы заңнама талаптары, пробациялық бақылаудан өту тәртібі, сондай-ақ белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.
Бұдан бөлек, азаматтарға әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша заң көмегі мен консультациялар берілді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1226438?lang=ru

Жауап қалдыру