
2026 жылдың 21 мамырында Мемлекеттік қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында “Өндіріс пен білім беруді интеграциялау арқылы цифрлық білім беруді дамыту: өңірлік синергия негізінде Жібек жолы таланттарын бірлесіп даярлау” тақырыбында өткен ШЫҰ жоғары оқу орындары Альянсының цифрлық экономика саласындағы Форумына қатысып, баяндама жасады.
Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова, профессор, Нанькай университетінің вице-ректоры Шэнь Бинь, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті төрағасының орынбасары Сәкен Нұртазаев, сондай-ақ ШЫҰ ЖОО альянсына кіретін ЖОО ректорлары қатысты.
Форум барысында қатысушылар цифрлық білім беруді дамыту, жоғары білікті кадрларды даярлау, инновациялық білім беру тәсілдерін енгізу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1226535?lang=ru

Жауап қалдыру