
⚜️ Шалқар ауданына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Шалқар қаласындағы теміржол вокзалында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
🏗️ «СК Ретма» ЖШС мердігер ұйымының өкілі қазіргі таңда нысандағы қасбеттік жұмыстар толық аяқталғанын, шатыр мен терезе конструкциялары орнатылғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары, бөлмелерді бояу және вокзал маңайын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
📌 Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 1,1 млрд теңге. Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталған және биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
📊 Нысанның дайындық деңгейі шамамен 65 пайызды құрайды.
✨ Айта кету керек, жоба тек вокзал ғимаратын жаңартуға ғана емес, сонымен қатар жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және өңірдің көлік қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-transport/press/news/details/1226556?lang=ru

Жауап қалдыру