
Қала тұрғындары 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қатысуға өтінім бере алады.
«Мерейлі отбасы» – отбасы институтын нығайтуға, балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ отбасылық құндылықтар мен отбасылық дәстүрлердің оң үлгісін насихаттауға бағытталған жыл сайынғы байқау.
Байқауға еңбекте, спортта, шығармашылықта, қоғамдық қызметте, ғылым мен мәдениетте табысқа жеткен отбасылар қатыса алады.
Өтінімді қағаз түрінде беруге және электрондық форматта да беруге болады.
Өтінімді «Алтай ауданының ішкі саясат» бөліміне әкеліп беруге болады.
Мекен-жайы: Алтай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 18.
Қосымша ақпаратты 4-01-55 телефоны бойынша алуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1226552?lang=ru

Жауап қалдыру