Тазалық шарасы барысында ауыл сыртындағы аумақтарда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, бей-берекет тасталған қоқыс қалдықтары жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Сонымен қатар, жол жиегі мен қоршаған ортаны тазарту жұмыстары атқарылды.
Сенбілікке округ мекемелерінің қызметкерлері қатысып, ауыл аумағының тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты. Мұндай шаралар қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты аялауға және санитарлық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Тазалық – баршаға ортақ іс. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Жауап қалдыру