Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қарағанды филиалының директоры Байбосынов Серікжан Берікбайұлы ауданның мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу тәртібі, білім алудың артықшылықтары мен тиімді тұстары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған білім беру бағдарламалары таныстырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/1226585?lang=ru

Жауап қалдыру