
2026 жылғы 20 мамырда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Ақадыр станциясының дабыл және байланыс дистанциясы қызметкерлері арасында «Салауатты жұмыс орындары» жобасын іске асыру, сондай-ақ сібір жарасы мен туляремияның алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-ағарту семинарын өткізді. Іс-шараның мақсаты – көлік саласы жұмыскерлерінің санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары туралы хабардарлық деңгейін арттыру, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және санитариялық мәдениет саласындағы кәсіби құзыреттілігін жетілдіру. Семинар барысында сібір жарасы мен туляремия ауруларының таралу жолдары, жұқтыру қаупі, негізгі белгілері және алдын алу шаралары жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар тақырып бойынша белсенді пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Мамандар тарапынан барлық сұрақтарға толық әрі түсінікті жауаптар берілді. Аталған іс-шара көлік саласы қызметкерлері арасында санитариялық мәдениетті нығайтуға, жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1226665?lang=ru

Жауап қалдыру