
Биыл еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды. Оның ішінде 215 мыңнан астамы – мектеп түлектері.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 заманауи мектеп пайдалануға беріліп, онда 220 мыңнан астам оқушы білім алуда.
25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Іс-шара барысында оқу жылы қорытындыланып, оқушылардың жетістіктері мен тәрбиелік құндылықтарға ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар, оқу-ағарту саласындағы бірлескен бұйрыққа сәйкес мектеп бітіру салтанатты іс-шараларын мейрамханаларда, кафелерде және табиғат аясында өткізуге жол берілмейді. Аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарында ұйымдастырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-abay/press/news/details/1226783?lang=ru

Жауап қалдыру