
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы 2026 жылғы 06 маусым сағат 10:00-ден бастап «gosagro» сайтында «Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталатынын назарыңызға жеткізеді.
Субсидиялар ағымдағы жылы немесе өткен жылдың төртінші тоқсанында сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды ішінара өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге немесе ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, облыс әкімдігі бекіткен бюджеттік қаражат көлемі шегінде, сондай-ақ ЖАО қаулысымен бекітілген субсидиялар тізбесі мен нормаларына сәйкес берілетінін еске саламыз.
Аталған ақпаратты ауданның (қаланың) барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жеткізулеріңізді сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1226813?lang=ru

Жауап қалдыру