“Қауіпсіз жол”: Абай облысында техникалық талаптарға сай келмейтін көлік құралын басқарған жүргізушінің жолы кесілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бесқарағай ауданында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекті рейдтік тексеру жүргізілді. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жол ережелерін сақтамай келе жатқан «Racer» маркалы мотоциклді тоқтатты. Көлік тізгінінде 57 жастағы жүргізуші болған.

👮‍♂️Тексеру барысында бірқатар өрескел құқық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, мотоциклдің техникалық жағдайы талапқа сай келмейтіні белгілі болды. Көлікте жол қозғалысына тікелей қауіп төндіретін ақаулар бар екені анықталды. Бұл – көзге көрінбейтін, бірақ кез келген сәтте орны толмас салдарға әкелуі мүмкін тәуекел факторы.

Сонымен қатар, мотоциклде тіркеу нөмірі болмаған. Ең бастысы – жүргізуші мотошлемсіз жолға шыққан. Бұл жағдай жол қозғалысы қауіпсіздігі қағидаларын өрескел бұзу болып саналады және адам өміріне тікелей қауіп төндіреді.

Полиция қызметкері байыппен түсіндірді:

— Аға, сіз басқарып отырған көлік техникалық регламентке сәйкес келмейді. Бұндай жағдайда жолға шығу – тек өз өміріңізге емес, өзге жол қозғалысына қатысушыларға да қауіп төндіреді.


Жүргізуші болса жауап берді:

— “Шынымды айтсам, мұның бәрі соншалықты қауіпті деп ойламаппын. Ауыл ішінде келе жатыр едім, қысқа жол ғой деп”-деп өкінішін білдірді.

‼️Алайда қауіп арақашықтық таңдамайды.

🚔Полиция қызметкерлері жүргізушіге заң талаптарын түсіндіріп, мұндай әрекеттердің салдары ауыр болатынын атап өтті. Қауіпсіздік құралдарын қолданбау мен техникалық ақауы бар көлікті пайдалану – тек ереже бұзу ғана емес, жолдағы барлық қатысушылардың өміріне қауіп төндіретіні ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1226931?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді