Абай облысында “Мал ұрысы” ЖПІШ аясында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзған 64 тұлға анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 12-17 мамыры аралығында Абай облысының аумағында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мал ұрлығының алдын алу және ашу мақсатында «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды.

👮‍♂️Іс-шара барысында облыстың әр ауданында жедел-тергеу топтары құрылып, ашылмаған мал ұрлықтарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Облыстық, республикалық және аудандық маңызы бар тас жолдарда мал тасымалдауды тексеру үшін мобильдік топтар ұйымдастырылып, Ветеринариялық бақылаудың аумақтық инспекциясының мамандарымен жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Шара барысында мал етін және тірідей жануарларды (жылқы, ірі қара, қой) ветеринариялық куәліксіз тасымалдаған және құжатсыз сатқан 12 тұлғаның жолы кесілді.

🐂Бос қараусыз жайылып жүрген малдарды қадағалау мақсатында облыс бойынша 116 айыппұл тұрақтары ұйымдастырылды. Жедел профилактикалық іс-шара кезінде 64 мал иесінің ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны анықталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — мал ұрлығына қарсы күресті күшейту, ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, ұрланған мал жануарларымен заңсыз операциялардың жолын кесу және ауыл шаруашылығы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Абай облысы Полиция департаменті хабарлайды:

🔹Мал — әр қожалықтың амандығы мен еліміздің берекесі. Әрбір ұрланған немесе құжатсыз тасымалданған жануар — тек жеке мүліктің ғана емес, ауыл шаруашылығының, қоғамның қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді.

🔹Заң барлық мал иесін жауапкершілікке шақырады. Ветеринариялық куәліксіз мал тасымалдау немесе құжатсыз сату — қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке апарады.

🔹Мал иелері, өз мүлкіңізге қараңыз, заңды сақтаңыз. Ұрлыққа жол бермеу — тек полицияның ғана емес, әрқайсымыздың міндетіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1226915?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді