“Қауіпсіз жол”: Абай облысында заң талаптарын сақтамаған 432 жүргізушінің жолы кесілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында 17–25 мамыр аралығында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында күшейтілген бақылау шаралары жүргізілуде. Бұл кезеңде полиция қызметкерлері жол қозғалысын тексеріп қана қоймай, әрбір жүргізушінің жауапкершілігін арттыруға, жолда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде.

Абай облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Омаров Бауыржан атап өткендей:

«Біз жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға, жолда сақтық танытуды қалыптастыруға бағытталған шараларды тұрақты түрде жүзеге асырамыз. Әрбір жүргізуші жол ережелерін сақтау арқылы өз өмірі мен жолаушылардың өмірін қорғауы керек».

Іс-шара барысында арнайы рейдтер жүргізіліп, жолда жүретін көлік құралдары мен жүргізушілердің заңға сәйкестігі тексерілуде. Абай облысы бойынша өткізілген тексерулердің қорытындысы бойынша заң талаптарын елемеген 432 көлік жүргізушісінің жолы кесілді.

Оның ішінде:

♦️Мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ немесе дұрыс тіркелмеген көлік құралын басқару – 15 факті;
♦️Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралын басқару – 73 факті;
♦️Мемлекеттік немесе міндетті техникалық бақылаудан өтпеген көлік құралын пайдалану – 46 факті;
♦️Жүргізу кезінде ұялы телефон немесе радиостанцияны қолдану – 65 факті;
♦️Жолаушылар мен жүк тасымалдау талаптарын сақтамау, қауіпсіздік белдігін немесе мотоцикл шлемін пайдаланбау – 139 факті.

Полиция қызметкерлері атап өткендей, жүргізушілердің жол ережелерін сақтау жол-көлік оқиғаларының алдын алудың негізгі факторы болып табылады. «Қауіпсіз жол» іс-шарасы тек бақылау шараларымен шектелмей, тұрғындарды жолда сақтық танытуға шақыру, қауіпсіз жүргізу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Полиция қызметкерлері ескертеді: жолда әрбір қадам маңызды, ал қауіпсіздік ережелерін сақтау сіздің өміріңіз бен жолаушылардың өмірін сақтаудың негізгі кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1226927?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді