Түн тыныштығы – тәртіп бақылауында: Абай облысының полицейлері түнгі уақытта жүрген 2174 жасөспірімді анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері облыс полицейлері түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайдан тыс жүрген 2174 жасөспірімді анықтады. Балалардың ата-анасымен және асыраушыларымен полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ткешкі уақытта жасөспірімнің тұрғын-жайдан тыс жалғыз кетуі аса қауіпті екенін ескертті.

Сондай-ақ, 236 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

🌃Түн қоюланған сайын облыс көшелерінде полиция патрульдерінің бақылауы күшейеді. Себебі тәртіп сақшылары үшін әрбір жасөспірімнің қауіпсіздігі – басты міндеттердің бірі. Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері ойын-сауық орындарын, компьютерлік клубтарды, саябақтар мен адам көп шоғырланатын аумақтарды тексеріп, жасөспірімдердің заң талаптарын сақтауына ерекше назар аударуда.

👮‍♂️Абай облысының полициясы профилактиканы жазалаудан жоғары қояды. Өйткені тәртіп сақшыларының басты мақсаты – құқықбұзушылықты тіркеу емес, оның алдын алу. Осы бағытта ювеналды полиция қызметкерлері мектептермен және ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, жасөспірімдер арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға басымдық беруде.

«Бала түнде көшеде емес, отбасының жанында болуы керек»
– бұл полиция қызметкерлері ұстанатын басты қағидалардың бірі. Себебі бақылаусыз қалған жасөспірім түрлі құқықбұзушылықтың құрбанына айналуы мүмкін. Ал дер кезінде жүргізілген профилактика көптеген келеңсіз жағдайдың алдын алады.

🚨Түнгі қала тыныш көрінгенімен, тәртіп сақшылары үшін жұмыс бір сәтке де тоқтамайды. Өйткені әрбір рейдтің артында – бір баланың қауіпсіздігі, бір отбасының тыныштығы, қоғамның ертеңіне деген жауапкершілік тұр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1226925?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді