АСТАНАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА КҮНІНЕ ОРАЙ ХОККЕЙДЕН BARYS FEST ТУРНИРІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанадағы «Барыс Арена» мұз сарайында Халықаралық Олимпиада күніне орай хоккейден Barys Fest балалар турнирі ұйымдастырылды. Аталған жарысты Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті «Барыс» хоккей клубымен бірлесіп өткізді.

Турнирге елорданың сегіз командасы қатысты. Кездесулер кросс-айс форматында, яғни көлемі кішірейтілген мұз айдынында өтті. Бұл формат жас хоккейшілердің шайбамен жиі жұмыс істеуіне, ойын барысында жылдам шешім қабылдауына және қарқынды сәттерде мол тәжірибе жинауына мүмкіндік береді.

Турнир барысында командалар өз шеберліктерін көрсетіп, жеңіске деген қайсарлық пен ынта танытты. Ойындар өзара құрмет пен әділ бәсеке рухында өтіп, достық, сыйластық және үздік нәтижеге ұмтылу секілді олимпиадалық құндылықтарды айқын паш етті.

“Хоккей еліміздегі ең танымал әрі бұқаралық қысқы спорт түрлерінің бірі болып қала береді. Осындай турнирлер балалардың алғашқы жарыс тәжірибесін жинақтауына, тәртіпке үйренуіне, командамен өзара әрекеттесу қабілетін дамытуына және спортқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Халықаралық Олимпиада күні – балаларды олимпиадалық құндылықтармен таныстырып, салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына және жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасауға мүмкіндік беретін маңызды бастама”, – деп атап өтті Қазақстан ҰОК өкілдері.

Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада күні жыл сайын 23 маусымда атап өтіледі. Бұл күн 1894 жылы Халықаралық Олимпиада комитетінің құрылуына орай белгіленген. Мереке спортты және олимпиадалық құндылықтарды барлық буын арасында кеңінен насихаттауға бағытталған спорттық әрі білім беру бастамаларын біріктіреді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1226907?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді