
Белград, 22 мамыр 2026 жыл – Қазақстанның Елшісі Мәди Атамқұлов Сербияның Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Шығыс Еуропа бойынша итальяндық өнеркәсіптің жалпы конфедерациясының ұйымдастырған «CEE – Western Balkans Energy, Infrastructure & Industrial Security Forum 2026» форумына қатысты.
Қазақстан Елшісі форум қатысушыларына арнап сөз сөйлеп, оларға Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін таныстырды.
Ол аталған маршруттың геосаяси және геоэкономикалық артықшылықтарын, жүк тасымалының өсу динамикасын, сонымен қатар Қазақстан тарапынан оның өткізу қабілетін арттыру жөніндегі жұмыстарды атап өтті.
Форумның «Адриатика – Қара теңіз – Орталық Азия» тақырыбындағы панельдік талқылауына KMG International компаниясының сауда және логистика директоры А. Живс те қатысты, ол тыңдаушыларға мұнай нарығын дамыту трендтері мен Қазақстанның Еуропадағы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі туралы мәлімет берді.
Іс-шараны Сербияның премьер-министрі Дж. Мацут ашты, форумға Италия, Сербия, Хорватия, Болгария, Румыния, Мажарстан, Грекия сынды елдерден ірі энергетикалық компаниялар мен еуропалық қаржы институттарының өкілдері қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1227012?lang=ru

Жауап қалдыру