
21-22 мамыр күндері Ақмола облысында жастарға арналған дәстүрлі «Жалынды Jastar CAMP 2026» оқыту лагері өтті.
Іс-шараның мақсаты – өңірдегі жастар ресурстық орталықтарының басшыларын, белсенді жастар мен волонтерлік ұйым өкілдерін бір алаңға жинап, жас көшбасшылар мен үздік волонтерлерді анықтауға бағытталған ашық диалог алаңын қалыптастыру.
Лагерь жұмысына Ақмола облысының қала және аудан жастар ресурстық орталықтарының жетекшілері, жастар ұйымдарының өкілдері, волонтерлер мен белсенді жастар қатысты. Сонымен қатар Ұлытау, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген мамандар да жиналды.
Бағдарлама аясында «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде TED X форматында кездесу, «Жастар QUIZ» зияткерлік ойыны, «Qadam Quest» квест ойыны және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1227026?lang=ru

Жауап қалдыру