Қазақстанда 177-ші «Ауыл құтқарушылары» бекеті ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Павлодар облысы Екібастұз ауданының Шиқылдақ ауылында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында жаңартылған ерікті өртке қарсы бекет пайдалануға берілді. Нысанның жұмысы тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігін жақсартуға мүмкіндік береді.

  Салтанатты ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Рамиль Камалов, Павлодар облысы ТЖД бастығы Рустамбек Амрин, Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

  Еріктілердің тәулік бойы кезекшілік атқаруы үшін жұмыс істеуге және демалуға қолайлы жағдай жасалды. Тұрмыстық үй-жайлар, жеке құрамға арналған демалыс бөлмелері және қажетті инфрақұрылым жабдықталды. Бөлімшенің иелігінде КамАЗ базасындағы АЦ-8-40 жаңартылған автоцистернасы бар. Бекет байланыс құралдарымен, өртті сөндіруге арналған заманауи жабдықтармен және қорғаныш киімдерінің жиынтығымен қамтамасыз етілді. Қайта жаңғырту жұмыстары жергілікті атқарушы органдардың күшімен жүргізілді.

  Жаңартылған өртке қарсы бекет 477 тұрғыны бар Шиқылдақ ауылына қызмет көрсететін болады. Ауылда «Ауыл құтқарушылары» жеке бекетінің болуы оқиғаларға жедел әрекет етуге және негізгі бөлімшелер жеткенге дейін өрттің таралуын тежеуге мүмкіндік береді.

Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал әрі мінсіз атқарғаны үшін бірқатар қызметкерлер мен азаматтар наградталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1227067?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді