Шығыс Қазақстан облысында 18 мамыр мен 8 маусым аралығында Балаларды қорғау халықаралық күніне орай «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты республикалық флешмоб форматындағы акция өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында 18 мамыр мен 8 маусым аралығында Балаларды қорғау халықаралық күніне орай «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты республикалық флешмоб форматындағы акция өтуде.

Акцияның негізгі мақсаты — қоғамда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, балалардың құқықтарын қорғау және отбасы құндылықтарын нығайту.

Акция аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері болған балаларға ерекше назар аударылуда. Себебі олар — ең осал санаттардың бірі және мемлекет тарапынан дер кезінде көмек пен қорғауды қажет етеді.

Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері:

  • тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде;
  • тәуекел тобындағы отбасылармен мекенжайлық жұмыстар ұйымдастыруда;
  • әлеуметтік қызметтермен және мүдделі органдармен өзара іс-қимыл жасауда;
  • азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуді қамтамасыз етуде.

Акция аясында учаскелік полиция инспекторлары, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері және мемлекеттік органдардың өкілдері ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын, тұрғындармен кездесулер мен профилактикалық акцияларды өткізуде.

Полицияның басты міндеті — тек тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне әрекет ету ғана емес, олардың алдын алу, балалар мен отбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті азаматтарды отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне бейжай қарамауға және мұндай жағдайлар туралы құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлауға шақырады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1227267?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді