ШҚО-да «Есептегі тұлға» ЖПІШ қорытындыланды: 3800-ден астам есепте тұрған азамат тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-да «Есептегі тұлға» ЖПІШ қорытындыланды: 3800-ден астам есепте тұрған азамат тексерілді

Шығыс Қазақстан облысында 18–22 мамыр аралығында өткен республикалық «Есептегі тұлға» жедел профилактикалық іс-шарасы аяқталды. Оның негізгі мақсаты – ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған адамдар арасында құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу.

Бес күн бойы полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен және қоғамдық көмекшілермен бірлесіп мекенжайлар бойынша тексерулер жүргізіп, профилактикалық әңгімелер өткізіп, белгіленген шектеулердің сақталуын бақылауға алды.

Іс-шара аясында барлығы 3815-тен астам азамат тексерілді. Нәтижесінде заңнама талаптарын бұзудың 129 фактісі анықталып, жолы кесілді.

Атап айтқанда, әкімшілік қадағалау талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 480-бабы бойынша 23 адам жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар тарапынан 14 құқықбұзушылық анықталды.

ЖПІШ барысында есептегі азаматтарды әлеуметтік бейімдеуге ерекше назар аударылды. Профилактикалық есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға 83 хат жолданды.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Батырбек Қадыров Өскемен қаласы полиция басқармасының жеке құрамымен саптық жиын өткізді.

ШҚО Полиция департаменті мұндай жедел профилактикалық іс-шаралар бақылауды күшейтуге ғана емес, қайталама құқықбұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсетуге бағытталғанын еске салады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1227307?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді