«Рецидивтің алдын алу» жобасын жүзеге асыру және «Есептегі тұлға» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Целиноград ауданының прокуратурасы ПҚБ және ПБ қызметкерлерімен бірлесіп, пробациялық бақылауда тұрған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексеру мақсатында түнгі уақытта рейдтік іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында есептегі тұлғалардың нақты тұрғылықты жері, сотпен жүктелген шектеулер мен міндеттердің сақталуы, сондай-ақ олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары тексерілді.
Сонымен қатар, пробациялық бақылау талаптарының сақталуына, сот жүктеген міндеттердің уақытылы орындалуына және қайта құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және аудан прокуратурасының бақылауында
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1227305?lang=ru

Жауап қалдыру