Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов «Еркіндік рухы» жобасы аясында А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында оқушылармен кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 18 мамыр күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов «Еркіндік рухы» жобасы аясында А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында оқушылармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында “Аддиктивті мінез-құлықтың алдын алу және психобелсенді заттарды қолданудың зияны” тақырыбында түсіндіру сабағы ұйымдастырылып, оқушылармен ашық сұрақ-жауап форматында пікір алмасты. «Еркіндік рухы» комиссиясының мүшесіде қатысып, жастарға пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Жастардың саналы таңдау жасап, салауатты өмір салтын ұстануы – қоғамның жарқын болашағының кепілі. Осындай кездесулер жас буынның құқықтық сауаттылығын арттырып, зиянды әдеттердің алдын алуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1227416?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді