
Инспекциямен келісілген 2025 жылдың 29 қыркүйегіндегі «Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жобасы келісіміне сәйкес, жалпы алғанда, жобаның негізгі сызбасы бойынша 14 негізгі су объектілерін атап айтуға болады: Есіл өзені (ескі арнасы, жаңа арнасы), Қарасу, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендері; Нұра-Есіл арнасы; Өлмес, Бұзықты, Майбалық, Тассуат №1 және №2, Талдыкөл көлі, Кіші Талдыкөл көлдер тобының №5, №7, №9 учаскелері.
Аталған барлық су объектілерінің жалпы жағалық ұзындығы 140,83 шақырымды құрайды. Оның ішінде 12 су объектісіне толық немесе жартылай су қорғау аймағы мен белдеуі бекітілген. Ал 3 су обьектісіне жалпы жағалық ұзындығы 22,9 шақырым қашықтыққа су қорғау аймағы мен белдеуін орнату қажет етіледі.
Астана қаласы территориясы бойынша Су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленген су обьектілерінің тізімін «Әділет» сайтында жаңартылған «Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 25 қарашадағы №205-4542» қаулысында көру қолжетімді.
Жаңа су кодексі жарыққа шыққаннан кейін жоғарыда аталған қаулыда көрсетілген су объектілерінің тізіміне су қорғау аймағы мен белдеуі орнатылған тағы 9 су объектісі және олардың бөліктеріне қосылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/1227412?lang=ru

Жауап қалдыру