
Шымкент қаласындағы Жеңіс саябағында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері «Мәңгілік тағзым» атты еске алу іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында Отан алдындағы борышын адал атқарып, ерлікпен қаза тапқан батырлардың рухына тағзым жасалып, Сабыр Омарұлы Рақымов гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында жанқиярлық танытқан азаматтардың ерлігін ұлықтау, олардың есімін жас ұрпақ жадында сақтау және патриоттық рухты дәріптеу.
Тәртіп сақшылары батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың ерен еңбегі мен елге сіңірген қызметіне құрмет білдірді.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасы мұндай тағылымды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1227430?lang=ru

Жауап қалдыру