Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов және сараптамалық кеңес мүшесі Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» барып, мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19 мамыр күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов және сараптамалық кеңес мүшесі Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» барып, мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ұлттық превентивтік тетіктің (ҰПТ) міндеттері, функциялары мен мүмкіндіктері тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, адам құқықтарын қорғау саласындағы заңнама талаптары мен мекемелердегі құқықтық кепілдіктер жөнінде ақпарат берілді.

ҰПТ қатысушыларының азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу және оларды анықтау бағытындағы қызметі — адам құқықтарын қорғаудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылады.

Іс-шара барысында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, адам құқықтарын сақтау мен азаматтарға қауіпсіз әрі лайықты жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1227449?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді