Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің барлық өңірлеріндегі осал санаттар үшін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін біріздендіруді тапсырды. Оның айтуынша, мемлекеттің көз алдындағыдан басқаны көрмей, бәріне көне беретін әлеуметтік саясаты жүзден астам түрлі жеңілдіктің пайда болуына әкеп соқтырды.
Мемлекет өзінің негізгі міндеттерін орындаудан бас тартпайтынын түсіну керек. Бірақ әлеуметтік жеңілдіктерді қолдан көбейту – елді дамытуға, яғни мектеп, аурухана, көлік инфрақұрылымдарын және басқа да нысандар салуға жұмсалуы қажет қыруар қаражатты желге шашу деген сөз.
Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Есіл аудандық мәслихатының 2026 жылғы 30 сәуірдегі шешімімен әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына түзетулер енгізілді.
Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы аумағында тұрақты тіркелген және тұратын адамдарға таралады.
Әлеуметтік көмек бір рет және мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі және өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.
Сондай-ақ айтылған нормалар қосылды:
Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді және күнтізбелік бір жылда бір рет тағайындалады.
Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндердің тізбесі:
15 ақпан – «Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні»;
8 наурыз – «Халықаралық әйелдер күні»;
26 сәуір – «Чернобыль апатын еске алу күні»;
7 мамыр – «Отан қорғаушылар күні»;
9 мамыр – «Жеңіс күні»;
31 мамыр – «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні»;
1-маусым – «Балаларды қорғау күні»;
30 тамыз – «Қазақстан Республикасының Конституция күні»;
16 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні».
Сондай-ақ, бірнеше негіздер болған жағдайда мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек тек бір негіз бойынша тағайындалады.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздер тізбесі қысқартылды:
1) дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
3) әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы;
4) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.
Дүлей зілзала немесе өрт салдарынан мүлікке зиян келгенде әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан зиян тиген мүлік орналасқан жер бойынша, оқиғалар туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей көрсетіледі.
Негіздің келесі түрлері алынып тасталды:
1) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;
2) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы.
4) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға және «Ардагерлер туралы» Заңның 8-бабында аталған басқа да адамдарға тіс протездеуге ақы төлеу.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esil-zsp/press/news/details/1227494?lang=ru

Жауап қалдыру