Павлодарда симбокстарды алаяқтық мақсатта пайдалану фактісі анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодарда «Айқын Нәтиже» іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында прокуратура қызметкерлері полиция басқармасымен бірлесіп, алаяқтық схемаларда қолданылған мобильді құрылғылардың сәйкестендіру кодтарын алмастыруға арналған арнайы жабдықты заңсыз пайдалану фактісін анықтады.

Пәтерлерді аралау барысында көпқабатты үйлердің бірінде тұрғын анықталып, оның үйінен 128 слоттық симбокс, «Tele2» және «Алтел» ұялы байланыс операторларының 115 Sim-картасы, 2 роутер және 32 ұялы телефон табылды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 213-бабы 2-бөлігіне сәйкес, яғни абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру деректерін өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды заңсыз пайдалану және тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын және ықтимал сыбайластарды анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1227548?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді