2026 жылдың 22–23 мамыр күндері Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдер арасында KWF кекушинкай каратэ-до спорт түрінен республикалық турнир өтті. Турнир «Біз есірткіге қарсымыз» ұранымен ұйымдастырылды.
Аталған спорттық іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, балалар спортын дамытуға және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталды.
Турнирге Астана және Алматы қалаларынан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарынан келген 240 спортшы қатысты.
Зеренді ауданының прокуроры Дастан Асқар спорттың жастар тәрбиесіндегі маңызын атап өтіп, оның балалардың бойында тәртіп, жауапкершілік және командалық рух секілді қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ететін тиімді құрал екенін айтты.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1227589?lang=ru

Жауап қалдыру