Ақкөл ауданы прокуратурасы туристік кластердің дамуына кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді шешу мақсатында орман заңнамасы талаптарының сақталуын тұрақты түрде талдап келеді.
Тексеру нәтижесінде орман пайдаланушылар мемлекеттік орман қорының жер учаскелерін мақсатты түрде — сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдаланбайтыны анықталды.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы кадастрлық құны 285 млн теңге тұратын мемлекеттік орман қорының 2 жер мемлекетке қайтарылды. Бұл учаскелер кейіннен туристік бизнесті ұйымдастыру үшін әлеуетті инвесторларға беру мақсатында қарастырылмақ.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1227690?lang=ru

Жауап қалдыру