КОММУНАЛДЫҚ САЛА ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛЫП, ТЕХНИКАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
КОММУНАЛДЫҚ САЛА ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛЫП, ТЕХНИКАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ
Бүгін Ботаникалық саябақта облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы кең көлемді тазалық акциясы өтті.
Ауқымды акцияға облыс бойынша 17694 адам қатысты. Олардың қатарында басқарма қызметкерлері және басқармаға қарасты мекеме қызметкерлері болды.
Іс-шарада қоршаған ортаны қорғауға және тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізуге үлес қосқан 100 қызметкер марапатталды. Экологиялық инфрақұрылымды нығайту мақсатында салалық мекемелерге 26 арнайы техника табысталды. Оның ішінде қалдық тасымалдаушы көліктер, өрт сөндіру техникалары, тракторлар және кіші өрт сөндіру кешендері бар.
Ботаникалық саябақ аумағы көгалдандырылып, 500 түп қылқан жапырақты ағаш отырғызылды. Бұл жұмыстар өңірді жасыл желекке бөлеуге, ауа сапасын жақсартуға және қала тұрғындары үшін қолайлы экологиялық орта қалыптастыруға бағытталды.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде облыстың барлық елді мекенінде бір мезгілде ауқымды сенбілік және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Айта кету керек, жыл басынан бері өңірдегі экологиялық шараларға 121 992 адам, яғни еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласының және кәсіпорын қызметкерлері белсене қатысты.
Осы уақыт аралығында 3 030 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылып, 3 367 сквер мен парк, 256 тарихи-мәдени ескерткіш, 1 019 әлеуметтік нысан, 669 өнеркәсіп және бизнес нысаны, 210 су объектісі және 5 383 көше бойы тазартылды. Бұл жұмыстарға 548 арнайы техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар, жыл басынан бері облыс аумағына жергілікті климатқа бейімделген 88 567 түп ағаш көшеті отырғызылды. Олардың қатарында қарағаш, терек, Сыр талы және басқа да көшет түрлері бар.
Бүгінгі акция – өңірдегі экологиялық мәдениетті дамытуға, табиғатты қорғауды жүйелі жолға қоюға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-energy/press/news/details/1227686?lang=ru