
🔹 «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 25 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінің «Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Кенбеисов Нургали «Жаңа Конституцияның негізгі жаңалықтары» тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ олардың мемлекеттiң құқықтық жүйесi мен азаматтардың күнделікті өміріндегі маңызы түсіндірілді.
🔸 Сонымен қатар іс-шара барысында «Қостанай цифрлық индустрия колледжі» (жоғары колледж) студенттеріне тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша түсіндіру дәрісі өткізіліп, құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамда зорлық-зомбылық көріністеріне төзбеушілік көзқарас қалыптастыру бағытында ақпарат берілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1227725?lang=ru

Жауап қалдыру